Текелі қаласында жаңадан 30 автобус аялдамасы орнатылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Текелі қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, биыл 30 жаңа автобус аялдамасын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда автобус аялдамаларын орнатуға арналған 15 алаң дайындалды. Оның ішінде ең ұзын Қонаев көшесі бойында 9 аялдама павильоны толық орнатылды.

Қала тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.

– Көшеміз жөнделіп, жол бойына жаңа аялдамалар қойылып жатыр. Аялдамалардың тек сыртқы келбеті көрнекті ғана емес, жаңбырда да, ыстықта да, суықта да жолаушыларға қолайлы болатындай жайлы. Автобустар уақыт-уақытымен жүріп тұр. Жол қатынасынан еш қиындығымыз жоқ. Бізге өмір сүруге керекті қолайлы жағдайлар жасалғанына ризамыз, – текелілік Гүлнар Биқожанова.

Жалпы, өткен жылы облыста тұрғын үймен 3 807 отбасы қамтылса, биыл 3 мың адамға үй беру жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1239343?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді