
Аудан әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтіп, тұрғындардың өтініштері заңнама аясында қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді. Қабылдау барысында Қажымұқан ауылының 107 квартал тұрғыны ауыз судың тұрақты әрі уақытылы берілмеуі мәселесін көтерді.
Мәселені жан-жақты зерделеу мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев жауапты мекемелер өкілдерімен бірге аталған аумаққа барып, су жүйесінің нақты жағдайымен танысты.
Жергілікті жерде жүргізілген зерделеу барысында су жүйесінің техникалық жай-күйі қаралып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, ауыз судың берілу тәртібіне әсер етіп отырған негізгі себептер анықталды.
Жұмыс қорытындысы бойынша су жүйесіндегі анықталған кемшіліктерді жою, инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамту бағытында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды.
Тұрғындардың өтініштері кезең-кезеңімен қаралып, орындалу барысы тұрақты бақылауда болады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1239498?lang=ru

Жауап қалдыру