23 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметші күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметші күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Бұл дата мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ел дамуына қосқан үлесін тану мақсатында белгіленген.

      Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ-де басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары болып табылатын кәсібилікке, жауапкершілікке, әдепке және қоғамға қызмет етуге ерекше назар аударылады.

      Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу кезеңінде салтанатты жиын өткізу және ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау жоспарланған.

      Мемлекеттік қызметші күні — бұл қоғам мен мемлекет игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіру мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/umptgo/press/news/details/1241109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді