Әлия – ел жүрегіндегі ерлік символы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 маусым күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне арналған еске алу шаралары өтті.
Шара барысында батырдың туған жері – Бұлақ ауылы мен Әлия ауылында жиналған қауым Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етіп, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, қатысушылар Әлия патриоттық тәрбие беру орталығында болып, батырдың өмірі мен майдандағы ерлік жолынан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысты.
 Ұлт мақтанышына айналған Әлияның өнегелі өмірі мен қайсарлығы бүгінгі ұрпақ үшін де тағылым мектебі. Мұндай іс-шаралар жастардың отансүйгіштік рухын нығайтып, ел тарихына деген құрметін арттыруға қызмет етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda-bulak/press/news/details/1241626?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді