Астанада реттеуші орган үшін техникалық қолдау ұйымын құру мәселелері бойынша АЭХА-ның сарапшылық миссиясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 маусымда Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) «Реттеуші орган үшін техникалық қолдау ұйымын (TSO) құру» тақырыбындағы сарапшылық миссиясы өз жұмысын бастады. Іс-шара АЭХА-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан KAZ2011 «Ядролық-энергетикалық бағдарламаның инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету (2-кезең)» ұлттық жобасы шеңберінде өткізіледі.

Миссияның жұмысы 2026 жылғы 15–18 маусым аралығында жалғасады. Іс-шараға Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының (AIDA) өкілдері, сондай-ақ АЭХА сарапшысы Юсуф Джейлан қатысуда.

Миссияның мақсаты – ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы реттеуші органдардың қызметін ғылыми-техникалық тұрғыдан сүйемелдейтін техникалық қолдау ұйымдарын құру және дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Миссия аясында қатысушылар реттеуші инфрақұрылымды дамыту, лицензиялау және инспекциялық қызмет мәселелерін талқылайды, сондай-ақ техникалық қолдау ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі халықаралық тәжірибемен танысады. Ерекше назар реттеуші орган үшін техникалық қолдау жүйесін қалыптастырудағы және ядролық-энергетикалық жобаларды іске асырудағы оның рөліне қатысты Түркияның тәжірибесіне аударылады.

Миссияны өткізу ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға, сарапшылық құзыреттерді дамытуға және АЭХА ұсынымдары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Миссия қорытындысы бойынша атом энергиясын пайдалану саласындағы ұлттық реттеу және қадағалау жүйесін одан әрі дамытуға, сондай-ақ реттеуші органның тиімді ғылыми-техникалық қолдау жүйесін қалыптастыруға қатысты ұсынымдар әзірленетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1241370?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді