Атом саласының мамандары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумды жоғары деңгейде өткізуге қосқан зор үлесі, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы еңбегі үшін бірқатар маман «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандар:

* Бибігүл Есілбайқызы Байғазина – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС топ жетекшісі;
* Әлидар Бағланұлы Жүнісбаев – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің басқарма басшысы;
* Гүлден Сәкен – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС департамент директоры;
* Қанат Саматұлы Тұяқбаев – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің басқарма басшысы.

Наградаларды табыстау барысында басшылық марапат иелерінің жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және атом саласын дамытуға, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ маңызды мемлекеттік міндеттерді табысты іске асыруға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Мемлекеттік наградалардың табысталуы мамандардың еңбегі мен кәсіби жетістіктеріне берілген жоғары мемлекеттік бағаның айқын көрінісі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1240798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді