Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 16 маусым күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында   Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті  39-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслхат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №34-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

Хабарламашы: Абдуллина  Р.Ш. – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-1 «Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Хабарламашы: Айтқалиев Е.Ж. – аудандық мәслихат аппаратының басшысы;

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы  27 желтоқсандағы                 №12-11 «Бөкей ордасы ауданы бойынша аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Хабарламашы: Айтқалиев Е.Ж. – аудандық мәслихат аппаратының басшысы;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы №4 «Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысын бекіту.

Хабарламашы: Бисекенов Н.Н. – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1241473?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді