Бүгін, 16 маусымда, Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезекті 66-сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 16 маусымда, Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезекті 66-сессиясы өтті
Бүгін Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық қауіпсіздікке және тұрғындар үшін маңызды бағыттарға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі, оқу жылының қорытындылары және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылдық округі учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысы, сондай-ақ шомылу маусымына дайындық және туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері енгізілді.
Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың кезекті 66-сессиясы өткізіліп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған мәселелердің ішінен соңғы екі сұрақ сессия отырысының қарауына шығарылды.
Атап айтқанда, Қонаев қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі және Қонаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралды.
Сессия барысында депутаттар ұсынылған мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1241654?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді