Бүгін «Атамекен» комьюнити орталығына Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы арнайы келіп, бірлестікке қарасты аула клубтары мен комьюнити орталықтарының қызметімен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Атамекен» комьюнити орталығына Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы арнайы келіп, бірлестікке қарасты аула клубтары мен комьюнити орталықтарының қызметімен танысты.

Кездесу барысында орталықта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылып, балалар мен жасөспірімдердің, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған үйірмелер мен іс-шаралар көрсетілді.

Арсен Зиннатұлы тәрбиеленушілердің шығармашылық жетістіктерімен танысып, олардың қызығушылықтарын дамытуға арналған мүмкіндіктерді тамашалады.

Сонымен қатар, комьюнити орталықтарының өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қосып отырған үлесі сөз болып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары орталық жұмысына оң бағасын беріп, балаларға жасалып жатқан жағдайлардың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1240565?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді