Департамент қызметкерлері RWS RUN марафонына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласында спорт әуесқойларын, түрлі ұйымдардың өкілдерін, өңір тұрғындары мен қонақтарының басын қосқан екінші RWS RUN марафоны өтті. Ауқымды спорттық шараға Қазақстаннан және бірқатар шет елдерден 1200-ге жуық қатысушы жиналды.

          Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жарысқа белсене қатысып, 10 шақырымдық қашықтықты сәтті бағындырды. Қатысушылар жоғары физикалық дайындық, төзімділік танытып, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылыстарын көрсетті.

          Марафон жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Халықаралық стандартқа сай маршрут, көрермендердің қолдауы және спорттық бірлік атмосферасы бұл шараны барлық  қатысушылар үшін жарқын оқиғаға айналдырды.

          Департамент қызметкерлерінің мұндай спорттық іс-шараларға қатысуы корпоративтік рухты нығайтуға, дене шынықтыруды дәріптеуге және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1240851?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді