
Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары «Высший Колледж Инновационного Евразийского Университета» ЖШС-нде лицензияға қосымша беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді. Колледж техникалық және кәсіптік білім берудің «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша білікті кадрларды даярлауды бастауды жоспарлап отыр.
Оқу процесін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер бар, шеберханалар мен зертханалар жарақтандырылған, арнайы пән оқытушылары өндірісте бейін бойынша тағылымдамадан өтті.
Барлық консультациялық, әдістемелік жұмыстар, педагогтерді оқыту «Высший Колледж Инновационного Евразийского Университета» ЖШС-мен бірлесіп жүргізіледі. Сонымен қатар, Колледждің аталған білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудағы негізгі әлеуметтік серіктесі және әлеуетті жұмыс берушісі «KSP Steel» ЖШС болып табылады, барлық жұмыс осы кәсіпорынмен толық өзара іс-қимыл және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
Осы өтініш бойынша лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту туралы шешім Лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысында қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1240583?lang=ru

Жауап қалдыру