
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
2026 жылдың 22 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 12: 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХVI сессиясы өткізіледі.
Сессия күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары, міндеттері мен жоспарлары туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдындағы есебі
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының талаптарына сәйкес, ауданның полиция бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі
- Кербұлақ аудандық мәслихатының мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-88 «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 31-181 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралады.
Тіркеу: жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30 да
Басталуы: жергілікті уақыт бойынша сағат 12: 00 де
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kerbulak/press/news/details/1241185?lang=ru

Жауап қалдыру