
Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 25 маусым күні сағат 15:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігі ғимаратында өтеді.
Сессияның күн тәртібі:
- Марқакөл ауданы мәслихаты төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Мамырбек Жәлімханұлы Калелов – Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы. - Марқакөл ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту жоспары мен оның жүзеге асырылу нәтижелері жөніндегі ақпарат.
Анар Асымқановна Бекпаева – Марқакөл аудандық ауруханасының меңгерушісі. - Төсқайың ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Эдуард Калиевич Авкубаев – Төсқайың ауылдық округінің әкімі. - Марқакөл ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша полиция бөлімі инспекторларының жұмысы туралы есебі.
Бекзат Мұратұлы Мұратов – Марқакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы. - Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Гүлбақыт Қалымбекқызы Мұсаханова – Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы. -
Әртүрлі мәселелер.
1. Марқакөл ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
Виктория Александровна Новоселова – Марқакөл ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының м.у.а..
Тұрақты комиссиялардың отырысы сағат 13:30-да өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1240807?lang=ru

Жауап қалдыру