МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету – құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі. Ұрлық, алаяқтық және мүлікке қасақана зиян келтіру фактілерінің алдын алу үшін тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

✅ Тұрғын үйден шыққанда есік-терезелердің мұқият жабылғанына көз жеткізіңіз;
✅ Үйіңізге бейнебақылау камералары мен дабыл жүйелерін орнатыңыз;
✅ Бағалы заттар мен ақша қаражатын қауіпсіз жерде сақтаңыз;
✅ Бөгде адамдарға жеке мүлкіңіз туралы ақпарат таратпаңыз;
✅ Күмәнді адамдар мен жағдайларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.

Мүлікті қорғау – өз қауіпсіздігіңіз бен отбасыңыздың тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1241512?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді