
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры А.Мусаев «Ұлан» жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кетудің алдын алу, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрмеу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар балаларға құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімі ата-аналар мен балаларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жазғы демалысты жауапкершілікпен өткізуге шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZm-5njqq0m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241372?lang=ru

Жауап қалдыру