
Жаз мезгілінің басталуына байланысты Қарағаш ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша «Шомылуға тыйым салынады» ескерту белгілері орнатылды. Аталған жұмыстар су айдындарында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу және халық арасында судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, белгі қойылған аумақтар шомылуға арналмаған және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Атап айтқанда, бұл жерлерде су түбінің жағдайы зерттелмеген, су ағысы қатты болуы немесе тереңдігі күрт өзгеруі ықтимал.
Ауылдық округ әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады. Әсіресе ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және су айдындарының маңында ерекше бақылау жасау қажеттігі ескертіледі.
Қауіпсіздік белгілерін сақтау – әр азаматтың өз өмірі мен жақындарының амандығына деген жауапкершілігінің көрінісі. Осыған байланысты округ тұрғындары мен қонақтарынан орнатылған ескерту белгілеріне түсіністікпен қарап, белгіленген талаптарды орындау сұралады.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың ең тиімді жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1241444?lang=ru

Жауап қалдыру