
2026 жылғы 10 маусым күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның бірінші жартыжылдыққа арналған отырысына қатысты.
Отырыс барысында адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінде қарастырылған тақырыптар:
🔹 «Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында туындайтын тәуекелдер туралы»;
🔹 «Мобильдік топтардың профилактикалық қызметі туралы» баяндамалар тыңдалып, өзекті мәселелер қарастырылды.
Адам саудасының алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тәуекелі жоғары орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241685?lang=ru

Жауап қалдыру