
Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қорғау нұсқамасы шығарылған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында қорғау нұсқамасы талаптарының сақталуы бақылауға алынып, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
#ЗаңЖәнеТәртіп
#ОтбасылықТұрмыстықЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ
#ШалқарАуданы
#ПолицияҚызметі
#Профилактика
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1241347?lang=ru

Жауап қалдыру