
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, киножобаның алғашқы кадрлары өңірдің бірегей табиғи ландшафттарында түсіріліп үлгерді.
Фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі – өзінің «марстық» пейзаждарымен танымал Бозжыра шатқалы.
Бұған дейін Джеки Чан Алматы қаласында байқалған болатын. Кейін актер Қазақстанға фильм үшін түсірілім орындарын таңдауға келгенін айтқан.
«Құдайдың сауыттары: Ультиматум» фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1240870?lang=ru

Жауап қалдыру