
ҚҰЛАНДЫМ ТЕМІР ҚАЗЫҒЫМ!
Бүгін округтегі N77 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Мырзан Кенжебайдың «Құландым темір қазығым» атты кездесу кеші мен «Жарық дүние» атты кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті.
Қаламына қанат байлаған, қасиетті Құландының топырағында туып, Арал толқынынан нәр алып, қара сөздің қаймағын қалқыған ақын – Мырзан Кенжебаймен кездесуге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Махатов, ауыл әкімі Т.Есенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дәулетов және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында өңірдің тумасы М.Кенжебаймен сұхбат жүргізіліп, “Жарық дүние” атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, қатысушыларға таныстырылды.
Кеш барысында ақын замандастарын, туған топырақта бірге өскен ауылдас ақсақалдары елін аңсап, сағына келген ауыл перзентіне ақ батасын арнап, өмір белестері мен жылдар жемістерін жалықпай өлеңдерінің арқау етіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихына, болашағына сүбелі үлес қосып келе жатқан М.Кенжебай қаламына қуат, шығармашылығына шуақ тіледі.
Қаламы жүйрік, ойы жорға ақын тойы құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-belaran/press/news/details/1241244?lang=ru

Жауап қалдыру