
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бір апта көлемінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 10 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
Құрметті жүргізушілер! Алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару өз өміріңізге ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілікті ұмытпаңыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1241540?lang=ru

Жауап қалдыру