Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылдың 11 маусымында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеуге арналған Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті.

  Аталған  байқауға Аягөз ауданының намысын қорғаған «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Мусаева Іңкәр қатысып, «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі: Солтаева Ания Орынгазина.

  Бұл жетістік – оқушының әдебиетке деген қызығушылығының, шығармашылық қабілетінің, табанды еңбегі мен тыңғылықты дайындығының нәтижесі. Байқау барысында Іңкәр Мұқағали Мақатаевтың поэмаларын жатқа мәнерлеп, көркем жеткізе білу шеберлігімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

  Мусаева Іңкәрді және жетекшісін осы айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта білім мен өнер жолында жаңа белестерді бағындырып, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1241301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді