Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасынның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облысының   мәдениет  басқармасынның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

​Кездесу барысында құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу жайлы айтылды. Аталған жоба ашықтықты қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің қызметін автоматтандыруға және салалық қатынастарды оңтайландыруға бағытталатындығы айтылды.​ 

Сонымен қатар, қатысушылар 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституциялық нормаларға тоқталды. Тараптар жаңа заңнамалық базаның мәдениет саласындағы авторлық құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті. 
                                       ​        
Кездесу қорытындысы бойынша  аталған мәселелерге байланысты бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, алдағы уақытта түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде бірлесе жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1240461?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді