
Қосшы қаласында кәмелетке толмағандар арасында футболдан спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, командалық рухын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Сонымен қатар, жасөспірімдермен құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Осындай іс-шараларды өткізу жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1241385?lang=ru

Жауап қалдыру