
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.
– Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
– Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
– Қалқыма белгілерден әрі жүзбеңіз;
– Тереңдігі белгісіз жерлерге сүңгімеңіз;
– Үрлемелі құралдарды жағалаудан алыс жерде пайдаланбаңыз;
– Мас күйде суға түспеңіз;
– Ауа райы қолайсыз болған жағдайда шомылудан бас тартыңыз.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1241656?lang=ru

Жауап қалдыру