
Таразда республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында көшелердің бойы, саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары және қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар жасыл желектердің маңын ретке келтіріп, қала аумағының көркеюіне өз үлестерін қосты.
Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1240545?lang=ru

Жауап қалдыру