Тарбағатай – табиғаттың аманаты, болашақтың байлығы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – ғасырлар бойы табиғат пен тарихтың үнсіз сырын сақтап келе жатқан ерекше мекен.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық шаралар жүзеге асырылды.

Туристік маршруттар бойына қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды;

Табиғат аясында демалушыларға қоршаған ортаға зиянсыз арнайы биопакеттер таратылуда;

Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және экожауапкершілікті арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Тарбағатайдың қайталанбас табиғаты – еліміздің баға жетпес байлығы. Оны сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Табиғатты таза ұстайық! Болашаққа бірге қамқор болайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241306?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді