
2026 жылдың 12 маусымында Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне Шапағат қоғамдық қорының теолог маманы мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау жөнінде, сондай-ақ мекеменің Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру бағытында жиын өткізді.
Жиын барысында деструктивті діни ағымдардың қызметіне аралсуына болмайтындығы және қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау жөнінде, ойын мекемелеріне барудан тартыну, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, қоғамдық орындарда өзінің ұстануы туралы айтылды.
Кейіннен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-revkom/press/news/details/1241574?lang=ru

Жауап қалдыру