
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айнұр Сұлтанова, Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының міндетін атқарушысы Оразаев Қанат Жақанович, басқарманың бас маманы Қосыбаева Жанна Жұматаевна және жауапты бөлім басшылары, ауыл , кент әкімдері қатысты.
Отырыста жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемелерінің орындалуы мен бюджет кірістерін арттыруға бағытталған қосымша резервтерді анықтау мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, келесі жұмыс тобының отырысына 3 ауыл, 1 кент әкімдерінің атқарылған жұмыстары тыңдалатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1240506?lang=ru

Жауап қалдыру