Жуалы ауданының орталығындағы бассейндерде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары туралы жан-жақты түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген орындарда шомылмау және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Жауап қалдыру