
✅Меңдіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Меңдіқара ауданында ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобаларды іске асыру жалғасуда.
«Бүгінде ауданда агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр, заманауи сүт-тауар фермалары салынуда, жол және коммуналдық инфрақұрылым дамытылуда, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауданның одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған», — деді Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаев.
Жыл соңына дейін тұрғын үйлерді пайдалануға беру, әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеу, ауылдық елді мекендерде байланыс пен көшелерді жарықтандыру жүйесін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1242662?lang=ru

Жауап қалдыру