
Бүгін ауданы әкімі орынбасары Қуаныш Қалмаханұлы Бүркітәлиев ауданымыздағы барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың ішкі жүйелерін, жылыту қазандықтарын сақтау, оларды ағымдағы жөндеуден өткізу және 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты назарға алды. Сонымен қатар мектептер мен балабақша нысандарына 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына қажетті қатты отын қорларына ертерек қамдану мен тиісті қазандықтарды жөндеу жұмыстарынан өткізуді тапсырды.
Күн тәртібіне сәйкес штаб отырысында Байзақ ауданындағы отын-энергетика кешені объектілерін 2026-2027 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындығын қадағалаудағы мәселелер талқыланды. Штаб отырысының қорытындылай келе әр бөлім және мекеме басшылары өздеріне жүктелген міндеттемелерін толығымен орындап, алдағы 2026 – 2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын қатаң бақылауда ұстауларын тапсырды.
Штаб отырысында берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, басты назарда болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1242327?lang=ru

Жауап қалдыру