
Жарыстың ашылуына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатынасып, мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушылар спорттың алты түрінен оның ішінде Тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, дәстүрлі садақ ату, үстел теннисі, ләңгі тебу және шахматтан сайысқа түсті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында жеңімпаздар арнайы мадақтама медальдармен марапатталды.
👏Ойынға қатысып, жеңімпаз атанған барлық мемлекеттік қызметшілерді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1242356?lang=ru

Жауап қалдыру