Абай облысында жалған нөмір таққан 32 жастағы жүргізушінің жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында өткізіліп жатқан «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының заңдылығын тексеру бағытында бақылау жұмыстарын жүргізуде.

🚔Іс-шара аясында тәртіп сақшылары Семей қаласындағы Құтжанов көшесі бойында «Toyota Crown» маркалы автокөлікті тоқтатып, құжаттық және техникалық тексеру жұмыстарын жүзеге асырды.

Тексеру нәтижесінде көлік құралын басқарған 32 жастағы жүргізушінің автокөлікке жалған әрі қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқаны анықталды.

Аталған көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Айта кету керек, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қолдан жасау немесе жалған нөмірлерді пайдалану полицияның назарынан тыс қалмайды. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1242741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді