
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру және заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында аралас (оффлайн және онлайн) форматта ауқымды семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының м.а. Г. Аманова, Департаменттің жауапты мамандары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚСЖАЕК) Алматы облысы бойынша департаментінің прокурорлары, сондай-ақ аудандық және қалалық басқармалардың басшылары мен мамандары қатысты.
Семинардың басты мақсаты — халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін, бақылау субъектісіне бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау ерекшеліктерін және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау талаптарын түсіндіру. Сондай-ақ «Әкімшілік практика» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу ережелері мен ҚР ДСМ 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы аясында тергеп-тексерулер жүргізу қағидалары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1242612?lang=ru

Жауап қалдыру