
Астанада «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі – отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың өзара қарым-қатынасының рөлі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Баланың болашағына әкенің анаға құрметі – өмірлік сабақ» тақырыбында баяндама жасаған Назгүл Мақжан отбасындағы ата-ана мінез-құлқы баланың басты бағдаршамы екенін атап өтті.
Оның айтуынша, отбасы ішіндегі өзара құрмет пен түсіністік баланың эмоционалдық дамуына және оның өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
«Егер мықты қоғам құрғымыз келсе, ең алдымен мықты отбасынан бастауымыз керек. Балаларға қалдыратын ең үлкен мұра – өзара сыйластық пен жеке үлгі», – деді Назгүл Мақжан.
Сондай-ақ отбасындағы серіктестік қатынастардың маңыздылығы да айтылды. Ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет, қолдау және өзара түсіністік берік әрі үйлесімді отбасы қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1242320?lang=ru

Жауап қалдыру