
«Атамыз 102 жасқа толар еді… Өмірін Отанға қызмет етуге арнаған азаматтың жарқын бейнесі»
Бүгін Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Рахимов Құрмат Рахимұлының туғанына 102 жыл толар еді.
Ол тағдырдың талай сынағынан сүрінбей өткен, өз еліне адал қызмет еткен, шынайы патриот, қайсар мінезді азамат еді. Соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткеріп, бар ғұмырын халыққа қызмет етуге арнады. Өмірінің соңына дейін ерлік пен табандылықтың, Отанға деген адалдықтың үлгісі болып қалды.
Құрмат Рахимұлы бүгінде арамызда болмаса да, оның жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестерінің, ардагерлер мен жас полиция қызметкерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Оның өмір жолы – жеңіс ұрпағының ерлігі мен ерен еңбегінің айқын көрінісі, бүгінгі бейбіт өміріміздің негізіне айналған тағылымды тарих.
Бүгін біз Құрмат Рахимұлын ерекше құрметпен және алғыспен еске аламыз. Оның есімі ішкі істер органдарының тарихында және халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
Жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі жасасын.
Рухына тағзым. Мәңгілік алғыс.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1242253?lang=ru

Жауап қалдыру