
Жастар — еліміздің тірегі, болашағымыздың кепілі. Бүгін ауданымыздың мақтанышына айналған 24 дарынды оқушы аудан әкімі А. Ксентаевтың қолынан арнайы марапат алып, үлкен құрметке ие болды.
Олардың қатарында:
- 🔬 Ғылым мен білімде биіктерді бағындырған — 12 оқушы;
- 🏃♂️ Спортта мықтылық танытып, үздік шыққан — 6 спортшы;
- 🎨 Өнер жолында дараланып, көзге түскен — 6 оқушы бар.
Бұл марапат — жас таланттардың еңбегіне берілген лайықты баға және жаңа белестерді бағындыруға үлкен серпін.
Жас дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Биік шыңдардан көріне беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1242161?lang=ru

Жауап қалдыру