
Арал ауданының ауылдық округтері арасында 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен футбол турнирінде Ақбай ауылының жас футболшылары жоғары ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл жеңіс – жас спортшыларымыздың табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Команда жетекшілері мен ойыншыларды айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aqirek/press/news/details/1241759?lang=ru

Жауап қалдыру