
Жиынға басқарма қызметкерлері қатысып, оған басқарма басшысы Бақыт Бетбаев төрағалық етті. Күн тәртібіне сәйкес Әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мират Исаков баяндама жасап, «Заң мен тәртіп» қағидаттарының мәні мен маңызына, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған негізгі міндеттерге тоқталды.
Баяндама барысында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң үстемдігінің рөлі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау қоғамдағы тұрақтылықтың, әділеттіліктің және азаматтардың мемлекетке деген сенімінің негізі екені ерекше атап өтілді.
Жиналысты қорытындылаған басқарма басшысы Бақыт Бетбаев заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың және мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтті. Ол ұжым қызметкерлерін қызметтік міндеттерін адал атқаруға, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын қатаң ұстануға, мемлекеттік қызметте де, күнделікті қоғамдық өмірде де құқықтық мәдениеттің жоғары үлгісін көрсетуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1242916?lang=ru

Жауап қалдыру