
2026 жылғы 27 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысқа Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы, тұрақты комиссиялардың мүшелері – депутаттар қатысты.
Шақырылғандар: Бородулиха аудандық полиция бөлімінің басшысы Әбілқасымов Әсет Ержанович, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мартаев Альви Алиевич, Бородулиха аудандық білім бөлімінің басшысы Катаева Гүлнұр Мақсұтқызы, Бородулиха аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жұмабеков Алишер Нұғманович, Бородулиха аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Еничева Ирина Николаевна, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Күн тәртібіне сәйкес «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларға тартылған тұлғалар арасында қайталама қылмыстардың алдын алу. Аталған тұлғаларды жұмыспен қамту» мәселесі бойынша Бородулиха аудандық полиция бөлімінің басшысы Ә.Әбілқасымов баяндама берді.
«Аудандағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Бородулиха аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Жұмабеков есеп берді.
«Ауыл шаруашылығы құрылымдарын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселе бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Мартаев тыңдалды.
«Бородулиха ауданындағы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарындағы тамақтану сапасы туралы» ақпаратпен білім бөлімінің басшысы Г.Катаева сөз сөйледі.
Бірлескен отырыстың қорытындысында «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» есеппен қаржы бөлімінің бас маманы И.Еничева баяндама берді.
Баяндамашылар депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданып, тиісті ұсыныстар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1242121?lang=ru

Жауап қалдыру