Деструктивті идеологияның алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жезқазған қаласында «Деструктивті идеологиялардың алдын алу: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға исламтанушы-теолог, ислам құқығы, дерадикализация және сектатану салаларының маманы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Асқар Сабдин қатысты.

Семинарға дін саласындағы мамандар, теологтар және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, радикалды және деструктивті идеологиялардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ сала мамандары арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Іс-шара барысында Асқар Сабдин деструктивті идеологиялардың негізгі белгілері, олардың таралу себептері мен адам санасына ықпал ету тәсілдері туралы баяндады. Спикер мұндай көзқарастардың алдын алу үшін әр азаматтың дүниетанымы, әлеуметтік ортасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі әрі жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ дерадикализация және оңалту жұмыстарының өзекті бағыттары, теріс діни көзқарастың ықпалына түскен азаматтармен сенімді диалог орнатудың тәжірибелік әдістері талқыланды. Қате түсініктерге діни, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелді жауап беру оңалту жұмыстарының нәтижелілігін арттыратыны атап өтілді.

Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Өңірдегі діни ахуалға қатысты мәселелер талқыланып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде пікір алмасылды.

Өткен семинар сала мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және өңірдегі деструктивті идеологиялардың алдын алу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1242060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді