
2026 жылғы 17 маусымда «Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл, басшы орынбасары – Гульмира Жанымхановна Ботабекова «Алматы облысы Дін істері басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Балтабек Аділет Нұрланұлымен бірлесе отырып, ZOOM платформасы арқылы «Діни наным-сенімдер және діни бірлестіктердің қызметі» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді. Түсіндірме жұмысына, департаменттің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы маманы діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бойынша да ақпараттармен қамтыды. Мемлекеттік қызметшілерден діни ағымдарға, экстремизм және тәңіршілдікке баланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1242830?lang=ru

Жауап қалдыру