Ел игілігі жолындағы еңбек – Ботакөз Болатқызы Сенкулова

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкері күні қарсаңында ауданның санитариялық—эпидемиологиялық саламаттылығына елеулі үлес қосқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы Ботакөз Болатқызы Сенкулова туралы айтқымыз келеді.
Ботакөз Болатқызы Нұра аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы, қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 36 жылдан асады.

Ботакөз Болатқызы 1986 жылы Қарағанды медициналық училищесіне түсіп, санитариялық қызметтегі еңбек жолын 1989 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында бастады. Эпидемиологтың көмекшісі болып жұмыс істеп, энтомология бөлімін жүргізді.
Ботақоз Болатқызы 1992 жылдан бастап аса қауіпті инфекциялар, туберкулез, ауа-тамшылы инфекциялық аурулар бөлімін жүргізді, ал 2021 жылдан бастап аса қауіпті инфекциялар, туберкулез, жұқпалы аурулар, иммунопрофилактика бөлімін жүргізеді. Қызмет барысында ветеринарлық қызметпен және емдеу желісімен тұрақты байланыста болады.

Жұмыс барысында Ботақоз Болатқызы өзін сауатты, білікті маман, тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Ұжымда лайықты құрметке ие. Жастарға тәлімгер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтайды. Еңбекқор, жоғары жұмыс қабілеттілігіне ие, өз құзыретінің шегінде Басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындайды. Ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Сізге зор ризашылығын білдіре отырып, шын жүректен зор денсаулық, сергектік және жақсы көңіл-күй тілейді! Өміріңіз бақытты, қуанышты сәттерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1242045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді