Ел игілігі жолындағы еңбек – Микурова Галина Георгиевна

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Микурова Галина Георгиевнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Галина Георгиевна саналы ғұмырының отыз жылдан астам уақытын халықтың денсаулығын сақтау мен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге арналған абыройлы қызметке арнады.

Мінсіз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің арқасында ол эпидемиолог ретінде үлкен еңбек жолынан өтті. Еңбекқорлығы, кәсіби біліктілігі, талапшылдығы және өз ісіне деген адалдығы үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Жас мамандар үшін Галина Георгиевна өз тәжірибесімен бөлісетін, кәсіби әлеуетін ашуға көмектесетін, бағыт-бағдар беріп, шабыттандыратын нағыз тәлімгер болды.

Оның мейірімділігі, адамгершілігі, жанашырлығы, ашық көңілі және кез келген жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын болуы ерекше құрметке лайық.

Қазіргі таңда Галина Георгиевна зейнеткерлік демалыста болып, бар уақытын отбасы мен жақындарының амандығына арнап келеді.

Кәсіби мереке қарсаңында Галина Георгиевнаға зор денсаулық, мол бақыт, бақ-береке, отбасының жылуы мен жан тыныштығын тілейміз. Алдағы өмірі тек жарқын сәттерге, амандыққа, құт-берекеге және мол табыстарға толы болсын! 

#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МедицинаҚызметкерлеріКүні

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1242847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді