
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы – Тұрар Базарбайқызы Жұмағұлованы құттықтайды!
Тұрар Базарбайқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі жалпы жұмыс өтілі – 44 жылдан асады.
Тұрар Базарбайқызы нақты міндеттер мен оларды шешу жолдарын қоя алатын мақсаты анық маман бола білді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыруға өзінің білімі мен практикалық жұмыс тәжірибесін аянбай сарп етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық-ағарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.
Пандемия кезінде барлық қиындықтарға қарамастан таңдаған ісіне және отандық денсаулық сақтау саласына деген адалдығын сақтап, халықтың денсаулығын сақтау үшін үлкен жұмыс атқарған тәжірибелі маман.
Халықтың игілігіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің» төсбелгісімен, Денсаулық сақтау министрлігі, қала әкімі, Департамент басшысының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Ұжымда лайықты беделге ие маман.
Тұрар Базарбайқызы, Сізге зор денсаулық, ұзақ бақытты ғұмыр және отбасылық бақыт тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1242051?lang=ru

Жауап қалдыру