Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетов және тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов 2026 жылғы 16 маусымда Ерейментау аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты, онда Ерейментау ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Мұкатов Нұрлан Зияйденұлы тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Ерейментау ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджетті атқару барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.




Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1241721?lang=ru

Жауап қалдыру