Көкшетауда «Қауіпсіз жол-балалар үшін» атты ауқымды акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесіп, оқушылардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз жол-балалар үшін» ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді.

Акция 1-6 сынып оқушыларын қамтып, оқу тәжірибесі үшін жаңа форматты – жол-көлік жағдайларының шынайы визуалды қойылымдарын ұсынды.

Бағдарлама барысында нақты автокөліктер, арнайы манекендер және жол-көлік оқиғаларының сценарийлер сериясы пайдаланылды.

Әрбір қойылым – оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритмі егжей-тегжейлі зерттелді.

Мұндай әдіс балаларға ықтимал қауіптерді тереңірек түсінуге, қауіпті жағдайды эмоционалды сезінуге және қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін бекітуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жауаптылықты қалыптастыру – ерте жастан басталатынын, ал мұндай тәжірибеге бағдарланған жобалар балалар жарақатының алдын-алудың тиімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Бағдарламаның мақсаты – оқушылар арасында заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін нығайтып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен ЖКО санын азайту. 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1241754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді