КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен Түркістан қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы тағайындалды.
Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы 1990 жылғы 19 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы инженер-технолог қызметінен бастап, әр жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында түрлі лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ, «Жылу» МКК қазандық бөлімінің басшысы, «Түркістан-Су» МКК-ның бас экономисі, Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының директоры, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ-нің «Түркістан-Су» МКК директоры қызметін атқарып келді. Сонымен қатар, 2023 жылдың наурыз айынан бері Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болды.
Жаңа қызметінде Ақниет Дүйсенбайұлы қаладағы коммуналдық шаруашылық жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қала тазалығын сақтау және тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1242788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді