Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кульбаракова Улболсын Сильпаевна – 1971 жылы 15 шілде БҚО, Жәнібек ауданы, Талов ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Қазақ ССР ДСМ Гурьевтегі медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1991 жылы «Санитарлық фельдшер» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиологиялық дәрігерінің көмекшісі болып бастаған. 2005 жылдың 1 маусымыннан бастап күні бүгінгі дейін Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы болып жұмыс атқаруда.
Улболсын Сильпаевна – өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарайтын, білікті әрі тәжірибелі маман. Еңбек жолында кәсіби шеберлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және қызметіне адалдығымен ерекшеленіп келеді.
Көп жылғы еңбегі мен санитариялық-эпидемиологиялық саланың дамуына қосқан қосқан үлесі үшін БҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының «Алғыс хаттарымен», Казталов ауданы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1241847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді